«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі уақытта оқыту мен оқушы­ны тәрбиелеу мемлекеттің жалпыға міндетті білім беру стан­дарттарының негізі және күтілетін нә­тижелердің көпдеңгейлі шарт-талаптары бағдарланған тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Біздің білім оша­ғында сапалы білім, саналы тәрбие беру жүйесінің негізгі идеясы Абай­дың “Толық адам” рухани мұрасында бейнеленген үй­лесімді даму басты бағытқа алынып, тұжырымдамалық бағ­дарламалармен тығыз ұш­тастырылып отырады. Олай дейті­нім, ұлы ойшылдың қара сөздерінде сол заманның қайшы­лықты әлеумет­тік мәселелеріне қатысты ғибратты ой­лары мен ақыл-кеңестері жеріне жеткізе айтылса да, әлі күнге дейін ма­ңызын жойған жоқ. Мәселен, “Дү­ние – үлкен көл, заман – соққан жел, Алдыңғы толқын ағалар, артқы тол­қын інілер, Кезектене бөлінер, бая­ғы­дай көрінер”, деген пайымын бү­гінгі жастарға талдап, түсіндіріп бере­тін болсақ, саналары­на ізгілік шуа­ғы құйылған болар еді. Абай атамыз “Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез” демекші, бұл орайда ілім мен ізгілікті басты мақсат санайтын, ұла­ғатты ұрпақ тәрбиелеу жолында жауапты да күрделі мамандықты өмірлік серік еткен ұстаздың орны бө­лек. Әсіресе бүгінгідей инновация­лық ғылымдар дәуірінде сапалы бі­лім қарқынды дамудың басты шар­тына айналып, Мемлекет басшысы атап өткендей, жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу осы күннің негізгі шартына айналып отыр.

“Әділетті Қа­зақстанның экономи­калық бағдары” Жолдауында Қазақстанның эконо­ми­калық даму страте­гиясының өзегі азаматтардың мүд­десі мен сұра­ны­сы екені айрықша атап көрсетілді. Пре­зиденттің “адал азамат және тұ­ғырлы тұлға болудың негізі бала кез­ден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз, әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз”, – деуі сапалы орта білім алу әрбір ба­ланың мызғымас, бұлжымас құқығы екенін айқындай­ды. Қасым-Жомарт Кемелұлы сапаға ерекше екпін тү­сіріп, білім са­пасын жақсарту және мұ­ғалімдердің біліктілігін арттыру мін­деттерін белгі­леп берді. Мұның алдындағы Жол­дауларда да білім са­ласына тікелей қатысты мемлекеттік тұжырымдар мен басымдықтар ай­қын­далған болатын.

 Тағы да Абайға жүгініп көрелік. “Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түр­лі себеп бар: көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, кө­ңілге бекіту керек; төртінші – ой ке­селді нәрселерден қашық болу ке­рек”. Демек білім берудің көпсатылы деңгейін, оқу пәндері мен бағдарла­ма­лар­ды осы талаптармен ұштасты­рып, әр сабақтың мазмұнына кірікті­ріп отырсақ, ұтарымыз көп. 2022-2023 жылғы оқу жылы “Балалар жылы” іс-шарасымен тұспа-тұс ке­ліп, білімді де ойлы, зерделі де сана­лы, көкірегі ояу, көзі ашық шәкірт қа­лыптастыруға баса көңіл бөлінді. Оқу-тәрбие жоспарлары осы мақсат­қа бағдарланып, мұғалімдер қауымы­ның, мектеп әкімшілігінің, ата-аналардың ынта-ықыласы, сапа мә­селесіне, түпкі нәтижеге аударылды. “Балалардың мүддесі мен мектеп және ата-аналардың өзара байланысы қандай ынтымақтастықта құрылу керек?” деген тақырыпта ұйымдастырылған ашық пікірталас тағылымға толы болды. Бір сөзбен айтқанда, “Толық адам” ілімі естіген нәрсені ұмытпауға, көңілге тоқуға жетеледі.

Тарихи құжатта бәріне бірдей бі­лім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін, әрі қолжетімді болу, сонымен бірге білім беру жүйе­сі еңбек нарығының сұранысына қа­рай өзгеріп отыру қажеттігі айтылды. Жасыратыны жоқ, ұлттық экономи­ка­ның бірқатар саласында тәжірибелі мамандар тапшы. Әсіресе тех­никалық және жұмысшы кадрлар жетіспейді. Осыған орай білім берумен мықтап айналысу талабы қойылды. Мектеп әкімшілігінің оқу-тәрбие үрді­сіндегі негізгі ұстанымдары – мек­теп – оқушы – ата-ана қауымдастығын же­тілдіру, ата-аналарды баланы оқы­ту мен тәрбиелеу процесіне тарту­дың барлық жолдарын қарастыру, оқушылардың физиологиялық және психологиялық даму кезеңдерін бас­ты назарда ұстау, бірлескен іс-шараларды (үйірмелер, секциялар, клуб­тар, тренингтер, сапарлар, т.б.) жүйелі түрде ұйымдастыру, ата-аналардың мектептегі өзін-өзі басқаруға қатысу жауапкершілігін ояту, маман­дық таңдаудағы дұрыс бағыттарды көрсету, елге, жерге, еңбекке, қорша­ған ортаға, үлкен мен кішіге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Сынып жетекшілері бір апта шеңберінде өзіндік жоспар кестесімен жұмыс іс­теуді дәстүрге айналдырған. Дүйсен­бі күні Қа­зақстан Республикасы Ән­ұранының орындалуы, сынып сағат­тарының өтуі қатаң қадағаланады. Сейсенбі күні караоке бұрышында қазақша әндер шырқалады, кітапха­нада әдеби кітаптар көрмесі ұйым­дастырылады. Сәрсенбі “Рухани-адамгершілік тәр­биесі” күні ретінде белгіленген. “Ағаш түзу өсу үшін оған көшет ке­зінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда түзете ал­майсың” де­ген халық нақылы бекер айтылма­ған. Бейсенбі – тазалық пен күтім күні бол­са, жұма сыйласу мен сый-сияпат күні ретінде ерекшелене­ді. Күнделікті өмірде небір тәуекел сын­дар мен қиындықтардың кезде­сетіні табиғи құбылыс. Сондықтан ұстаз­дарымыз оқушының бойына жастайы­нан мейірімділік, қайырым­дылық, яғни, адамгершіліктің құнды қасиет­терін сіңіріп, өз-өзіне деген сенімді­лікті қалыптастыруды игі мақ­сат са­найды. Оқушылар, аналар, қарттар үй­леріне жиі барып, қол ұшын созудан, көмек беруден тартынған емес. Бұдан бөлек, “Ата-аналар спорттық ли­гасы”, “Маман­дық таңдау”, “Мектеп­тегі бір күн” іс-шараларының да өне­гелік тұстары көп. Мысалы, “Тағы­лым” сағатында 11 сынып оқушысы Арайлым Мұқы­шева облыстың, рес­публиканың бел­гілі тұлғаларымен онлайн-сұхбат­тасты. “От­ба­сындағы әкенің орны”, “Бақыт деге­ні­міз не?”, “Көшбас­шылық қасиеттер”, “Әжелер ақылы” жобалары да көпшіліктің қызығушы­лығын ту­дырды.

Президент Үкіметтің былтырғы кеңейтілген отырысында білім сала­сында қордаланған мәселенің көп екенін айта келіп, адам капиталын да­мыту ісіндегі білім беру саласының негізгі рөліне тоқталған болатын. Оның бірі – соңғы жылдары мектеп қабырға­сында зорлық-зомбылықтың көбейіп кетуі. Толық жабдықталған мектеп­тердің 65 пайызында (3 мың мектеп) бейнебақылау жүйесі талап­қа сай еместігі, мүлдем жұмыс істе­мейтіні, балаларды зорлық-зомбылықтан қор­ғауға, суицидтің алдын алуға, әр­бір баланың құқықтарын қам­тамасыз етуге арналған кешенді жоспардың, балаларды балабақ­шамен қамтуды түпкілікті шешудің, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебе­сін арттыру, жал­ақысын көбейту, ауыл және қала мек­тептерінің айыр­машылығын едәуір азайту қажеттігі аталған. Бұл өзекті жайттар биылғы Жолдауда жаңаша ауқымда өріліп, ұлт сапасын жақ­сартудағы маңызды рөлі паш етілді. “Білім беру мекеме­ле­рін­дегі психологиялық қолдау қызметін институционалдық түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім теле­фонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни, буллинг­ке тап болғандарға көмек көр­сетуге ар­налған бағдарлама әзірлеу керек”, – деген Президент кәмелетке толма­ған­дарға жасалған зорлық-зомбылық­тың кез келген түріне қа­тысты жа­заны күшейтуді талап етті. Осыдан-ақ өскелең ұрпақтың психика­лық сау­лығы өте маңызды екенін байқауға болады. Еліміздегі демо­гра­фиялық өсім білімге деген сұ­ранысты артты­рып отырғандықтан, оқу орында­ры­на түлектерге жұмыс бере алатын ме­кемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуды, бес жастан ас­қан балалар үшін “Келешек” атты бірыңғай ерікті жи­нақтау жүйесін ен­гізуді тапсырды. Бұл бағдарламада мемлекет тара­пынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, яғни, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы мен инвести­циялық табыс қарасты­рылса, бұған “Ұлттық қор – ба­лаларға жобасының қаражаты қосылса, жас ұрпақтың қалыпты білім алуына зор ықпалын тигізбек.

Мен Мемлекет басшысының рес­публикалық педагогтар сьезінде сөй­леген сөзін зейін қоя тыңдап, Жол­дауларда қойылған стратегия­лық ба­сым бағыттардың жуық арада жүзеге асатын тактикалық шешім­дері ре­тінде қабылдадым. Шынында да, отандық білім жүйесінің үздік үр­дістерін сақтау арқылы әрдайым алға, халықаралық озық әдіс-тәсіл­дерді меңгеруге ұмтылу бәсекеге деген қабілеттілігімізді арттырады. Еңбек десе, ерінбейтін, озық идея­лар­дан жалықпайтын, ұлттық құндылықтарды қадірлеп-қастерлейтін, ота­­нымыздың игілігі үшін бар ақыл-қабілетін жұмсайтын білімді де бі­лікті ұрпақ тәрбиелей аламыз.

“Менің бастамаммен 2019 жылы “Педагог мәртебесі туралы” Заң қа­былданды. Соңғы төрт жылда ұстаз­дардың жалақысы 2 есе өсті. Балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаз­дардың еңбек демалысы ұзартыл­ды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тас­талды. Ұстаздардың кәсіби білікті­лігін аттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. “Болашақ” бағдарламасы­мен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім маман­дығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы сту­дент­тердің шәкіртақысы 2,5 есе кө­бейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз”, – деді өз сөзінде Мемлекет басшысы. Ға­лымдар 2050 жылға қарай қазіргі кә­сіптердің жартысына жуығы цифрлық және техникалық жүйелер алмас­тыратынына болжам жасап отырғанын, сондықтан “алған дипло­мың өмір бойы азық болады” деген түсініктің орнын “өмір бойы оқы және үйрен” деген қағида басатынын еске салды. “Жайлы мектеп” жобасы шең­берінде ауылдық жерлерде жүздеген білім ордасы салынатыны, сөйтіп үш ауысыммен оқытудан біржола құтылатынымыз, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігі жойылатыны, мемлекет пен бизнес серіктестігі арқылы үш жылдың ішін­де бір мың ауыл мектебі керек-жарақпен толық жабдықталатыны, білім беру үдерісі жаппай цифрлан­дырылып, 2027 жылға дейін мектеп­тердің бәрі жылдамдығы жоғары ин­тернетке қосылатыны келешектен үлкен үміт күттіреді.

 Сәуле ТҰРСЫНОВА,

 Әлихан Бөкейханов атындағы №25 жалпы білім беретін мектептің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp