«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аурухана ғимараты ескі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов Тимирязев ауданын­дағы жұмыс сапарын “Атаме­кен Агро Ти­мирязево” ЖШС-дан бастады. Мұн­да майлы дақыл­дарды жинау бары­сымен танысып, агроқұрылым жетекшілерімен кездесті.

Серіктестік директоры Иван Са­мошкин жұмыстың жайын баяндады. Ауыл ша­руашылығы егістігінің жал­пы көлемі – 51730 гектар, оның 24765 гектары – дәнді дақылдар. Күз­гі егін орағына 37 комбайн, 57 трак­тор, 21 тіркемелі “КамАЗ” жүк көлігі тартылған. Бұдан бөлек, 1273 бас ірі қара өсіріледі. 249 адам тұ­рақты жұ­мыспен қамта­масыз етілген.

– Мемлекет тарапынан қаржы­ландырылатын бағдарламаларға қа­тыса отырып, әлеуметтік салаға аса көңіл бөлу қажет. Биылғы жыл оңай соққан жоқ, сонда да халыққа көмектесудің, қол­дау көрсетудің бар­лық мүмкін­дік­те­рін ойластыру керек. Экономикалық мәселелер тиімді шешілсе, әл-ауқат та жақсарады, тұр­мыс сапасы да артады, – деген об­лыс әкімі ти­мирязевтіктерді егін жинау науқанының аяқталуымен құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары Рүс­тем Рамазанов өңір басшысын ор­талық қазандықтың жай-күйі туралы хабардар етті.

Ол арқылы 7 көппәтерлі тұрғын үй, 12 бюджеттік ме­кемені жылытады. Жылу трасса­сының ұзындығы 3,2 шақырым, апаттық учаскелер қалпына келті­рілген. Келесі жылы модульдік қазандық салынса, жылытылатын аумақ екі есеге дейін артады.

Ғауез Торсанұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына қазандыққа қаражат бөлу мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

Тұрғындар кездесуде 1974 жылы пайдалануға берілген аудан­дық аурухана ғимаратына қатысты проблемаларды айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісовтің сө­зіне қарағанда, нысан ескі, бірінші, үшінші қабаттарды, жертөлені қосалқы блокты, стационардың бірінші қабатын күрделі жөндеу қажет. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамаға бе­ріліпті.

Облыс әкімі ауыл тұрғындары­ның әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін, барлық айтылған мәселелер аяқсыз қалмауын міндеттеді.

Әсем ТАСМАҒАНБЕТОВА,

“Нива” газетінің редакторы.

Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp