«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛДЫҚҚА БАУЛИДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздегі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып академиялық адалдық лигасына қосылды.

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Джакипбеков танысты.

Университетте 2018 жылдан бастап “Sanaly Urpaq” жобалық кеңсесі ашылған, мұнда студенттер арасынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділер тобы да құрылды. Еріктілер емтихан тәртібін, академиялық адалдықтың сақталуын тексереді. Осының барлығы “Таза сессия” акциясы аясында жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Университеттің веб-сайтында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” онлайн-порталы жұмыс істейді. Онда оқу үдерісінде босатылған бос мемлекеттік білім гранттары, жатақханадағы бос орындар, студенттердің үлгерімі туралы деректер және сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлауға болатын арналар жайлы ақпараттар бар. Жатақханаға орналасу қызметі де онлайн режімде көрсетіледі.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp