«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері “Заңсыз келуші” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның барысында полиция қызметкерлері базарларды, құрылыс  нысандары мен аудандардағы шаруа қожалықтарын  тексерді.

Петропавлдағы көппәтерлі үйлердің бірінің құрылысын тексеру барысында еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырған Өзбекстанның алты азаматы анықталды. Осыған ұқсас құқық бұзушылық Аққайың ауданында да тіркелді, мұнда Өзбекстанның екі азаматы әкімшілік ғимараттың құрылысында заңсыз жұмыс істеген. Екі факті бойынша материалдар сотқа жіберілді. Енді мердігерлер шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

Жалпы облыста 2 – 8-ші қазан күндері шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін барлығы 21 әкімшілік материал жиналды. Бұдан басқа Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 181 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Талғат ӘБІЛОВ,

 облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp