«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа телеграм-бот

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының тұрғын­да­ры үшін мемлекеттік органдармен байланысқа шығудың жаңа ыңғайлы құралы пайда болды. Танымал “Telegram” мессенджерінде облыс­тық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының “t.me/sko_narkohelp_bot” атауымен жаңа боты өз жұмысын бастады. Бот арқылы есірткі жасырушылар мен граффитін салушылар, оны сату­мен айналысатын интернет-дү­кендерге сілтемелер туралы полицияға анонимді түрде хабарлауға болады. “Start” батырмасы арқылы жаңа ха­барлама жіберіледі. Сондай-ақ осы хабарламаға құқық бұзушылықтың фото және бейнежазбасын қосып жіберу мүмкіндігі бар.

Ботты құруға “Қазақстанның болашағы үшін” жастар қоғамдық бір­лестігінің өкілдері қатысты, “Еура­зия” республикалық қоры қаржы бөл­ді. Бұдан бөлек, желідегі қолда­нушылар боттағы басты мәзірде психо­троптық заттарды қолданудың сал­дарымен, есірткінің заңсыз айна­лымы үшін көзделген қылмыстық жауапкершілікпен таныса алады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp