«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов облыс орталығындағы бірқа­тар құрылыс нысандарын аралады. Береке шағынауданында салынып жатқан түзету мектеп-интернатының құрылысымен танысты. 50 адамға арналған жатын корпусы бар 300 орындық түзету мектеп-интернаты келесі жылы ашылуы тиіс. Абат­тан­дыру және инженерлік желілер тарту басталмаған, әлі жобалау сатысында. Бұл жұмыс­тарды шымкенттік фирма орын­дайды.

Облыс әкімі шағынаудан тұр­ғындары арасында саламатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңына да барды. Жоспар бойынша кешенде тұрғындар 10-нан астам спорт түрі бойынша шыныға алады.

Бұдан кейін өңір басшысы май экстракциялық зауытына барды. Құрылыс жұмыстары аяқталған зауытты келесі жылы іске қосу жоспарланған. Кәсіпорында 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сүт өнімдерін шығаратын “Мас­ло-Дел” ЖШС зауытының жұмысы, Ұлттық ұлан академиясы аумағында жүргізіліп жатқан құрылыстың бары­сы да назардан тыс қалған жоқ. Ал Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашы­лығы ғылыми-зерттеу институты­ның мамандары жеткен жетістікте­рімен таныстырды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp