«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕР БӘЙГЕСІНДЕ ОЗА ШАПТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түркияның Адана қаласында 7-12 қазан аралығында “Global art competition – 2023” атты халықаралық жас орындаушылар байқауы өтті. Аталған байқауға Е.Серкебаев атындағы өнер колледжі-мектеп-интернат кешенінің тәрбиеленушілері мен оқытушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Халықаралық байқауда Грузия, Армения, Грекия, Түркия мемле­кет­тері мен Қазақстан қалалары­нан барған өнерлі жастардың бас­тары тоғысты. Байқауда ел намы­сын қорғаған Е.Серкебаев атында­ғы өнер колледжі-мектеп-интернат кешенінің өкілдері түрлі ата­лымдар бойынша 5 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Күйші Асхат Ғалеев – “Домбы­ра”, Анель Құлыбекова – “Ішекті ас­пап”, Мария Кудальцова – “Фор­тепиано”, Василия Габидуллина мен Ақерке Әбиева – “Академия­лық ән салу” аталымдары бойынша жеңімпаз атанды. Ал Досым Ұлтарақов – “Фортепиано”, Мәди Құсайынов – “Академиялық ән салу”, Екатерина Лапухина – “Фортепиа­но”, Зейнер Мұхитұлы – “Труба” но­минациясында екінші орынға табан тіреді. Артем Кислощей – “Альт”, Радмир Кислощей – “Скрипка” аталымдарда үздік үштіктен көрінді.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp