«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАТУЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының қызметімен танысып, этномәдени бірлестік және құрылымдық бөлімше жетекшілерімен кездесті.

Ашық диалог түрінде өткен кез­десу барысында Ғауез Торсанұлы ассамблея өкілдерін Рухани келісім күнімен, сондай-ақ алда кең көлем­де атап өтілетін Республика күні жалпы­ұлттық мерекесімен құттық­та­ды. Бір шаңырақ астында өмір сү­ріп жат­қан түрлі этнос өкілдері ара­сында достық пен өзара түсінік, ке­лісімді нығайтудағы этномәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімше­лердің маңызын атап өтті, оң тәжі­рибелерді қалыптастыру, насихат­тау мәселелері талқыға салынды.

Солтүстікқазақстандықтар ара­сында келісім мен бірлікті нығайтуда облысымыздың этноорталықтарына үлкен міндеттер жүктелген. Жергі­лікті ассамблея мүшелері әртүрлі эт­ностардың дәстүрін, тілін және мә­дениетін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді.

“Биыл бюджет есебінен ассамб­лея ғимараты күрделі жөндеуден өтті, акт залы мен этноорталықтар­дың кабинеттері жаңартылды. Мате­риалдық-техникалық база елеулі түрде нығайды. Алдағы уақытта да облыстық ассамблеяға қажетті қол­дау атқарушы органдар тарапынан жүйелі түрде көрсетілетін болады”, – деді кездесуде Ғауез Торсанұлы.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp