«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ ЖАБЫРҚАТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жамбыл ауданындағы жұмыс сапарын Кладбинка ауылынан бастады. Мұнда салынып жатқан медициналық пункттің құрылысы аяқталуға жақын “Еділ-Строй-Сервис” ЖШС-ның директоры Ербол Әуелбеков нысанның биыл пайдалануға берілетінін, жобалық құны 157,3 млн. теңге тұратынын жеткізді.

Аудан орталығында 16 пәтерлі үй қалпына келтіріліп, баспана кезе­гін күткен тұрмысы төмен отбасы­ларға берілген. Бұдан бөлек, жақын арада заманауи спорттық сауық­тыру кешені іске қосылмақ. Жоба­лық құны 152,3 млн. теңге. Аудан әкімдігі екі жылдың ішінде баспана кезегінде тұрған аза­маттардың мәселесін толық шешуді жоспарлап отыр. 224 адамның 92-і – жетім балалар болса, 15-і – көп балалы аналар. Келесі жылы 80 пәтерлі екі үй бой көтеретін болады.

Өңір басшысы өнер мектебін аралады. 1960 жылдан бері істеп келе жатқан мекемеде оқу кабинет­терінің саны – алтау. 153 өрен би, во­кал, домбыра, қолөнер үйірмелер­іне қатысып, шығармашылық қабі­леттерін шыңдап жүр.

Жамбыл ауылдық округінде орналасқан “Атамекен Агро” ЖШС егіншілікпен және мал шаруашылы­ғымен айналысады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі – 93258 гектар, оның 69702 гектары – егістік, 23556 гектары – жайылым. 1031 бас асыл тұқымды ірі қара өсірілсе, сауын сиыр – 850 бас.

Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхам­бетов “Алисарай” ЖШС-ның сүт ферма­сына соғып, 2024 жылы пайдала­нуға берілетін тауарлы-сүт ферма­сының құрылыс сапасын бақыла­ды. Германиядан 492 бас сүтті ба­ғыттағы симменталь ірі қарасы әке­лінген.

Ғауез Торсанұлы Қайранкөл ауылында 586,6 шаршы метр ау­мақты қамтитын мәдени-демалыс орталығында болды. Мұнда ауыл­дық округ аппараты, полицияның тірек пункті, “Қазпошта” АҚ-ның жер­гілікті филиалы, кітапхана қоныс тепкен. Балалардың ойын және және демалыс бөлмелері, бильярд залы бар. Осында ауыл тұрғын­дарымен кездесіп, әлеуметтік-экономикалық мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

“Әлеуметтік сала нысандарын қарап шықтым. Менімен бірге ден­саулық сақтау, білім беру, тағы бас­қа басқармалардың басшылары ке­ліп отыр. Туындаған проблемалар болса, сауалдарға жауап беруге әзірміз”, – деді облыс әкімі.

Шалғайдағы ағайынды алаң­да­татын жайттың бірі – жолдардың са­пасыздығы. Қалпына келтірілме­ге­ніне он жылдан асып кеткен. Жо­лаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет жолдарды жөндеу келесі жылы басталатынын жет­кізді.

Благовещенка елді мекеніндегі “Династия Агро” серіктестігі өсімдік майын өндірумен шұғылданады. серіктестік директоры Владимир Кан­­ның айтуынша, негізгі қызмет түр­­лері – дәнді және бұршақты-майлы дақылдар өсіру, элиталы тұ­қым қо­рын молайту, өсімдік майын экспорт­тау. Биыл 200 тонна өсімдік майы, 401 тонна күнжара шетелге жөнелтілген. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, орташа айлық жалақы 175 мың теңгені құрайды.

Облыс әкімі агроқұрылым же­текшілерімен кездесіп, онда өзекті мәселелер талқыланды.

Дана ҚАЛИЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp