Республика күні қарсаңында “Аманат” партиясының “Жастар рухы” жастар қанаты мен жастар ресурстық орталығының белсенділері Петропавл қаласының Жамбыл көшесіндегі 18 қабатты үйге еліміздің көк Туын ілді.
Бұл қала тұрғындарының бойындағы мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін оятуға сеп болады.
– Ұлттық бірегейлік пен елімізге деген сүйіспеншілік қазақстандықтардың жүрегінде ерекше орын алады. Осы үйге жалаушаларды ілу арқылы біз Республика күнінің маңыздылығын еске салудамыз. Патриоттық тәрбие елдің болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біз Қазақстанның дамуы мен ілгерілеуіне белсенді ықпал ететін жауапты буын қалыптастырғымыз келеді, – деді “Жастар рухы” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Біржан Құдайберген.
Белсенділердің бұл бастамасын қала тұрғындары да қолдады.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.