Облыс әкімінің өкімімен Қанат Малғаждарұлы Дүзелбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Алматыдағы экономика және статистика академиясын бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Ұлттық банк орталығында экономист болып бастады.
Банк, қазынашылық, экономика және бюджетті жоспарлау саласында тәжірибесі мол.
Осы тағайындауға дейін Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.