«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАПТЫҢ МІНГЕН ТҰЛПАРЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының “Өнер” орталығында V-ші облыстық “Сайра домбыра” атты байқау өтті. Бұл жобаны әнші, Петропавл қаласының құрметті азаматы Дәмеш Құрманкина екі жылда бір рет өткізіп келеді.

“Сайысты өткізудегі басты мақсат дарынды жастарды тауып, олардың талаптарын ұштау. Биыл жерлесіміз, ақын, сазгер, әнші, халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызы Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Биылғы байқау­ды асыл тұлғаның мерейтойына орайластырдық”, – дейді Дәмеш Сапарқызы.

Байқауда аудандардан және қала мектептерінен жиналған дәстүрлі ән орындауға қабілетті 29 жас әнші өнер көрсетті. Үміт­керлерден дом­быра немесе сыр­най аспабының сүйемелдеуімен 2 ән орындау та­лап етілді. Қаты­сушылар кіші жә­не үлкен топқа бө­лінді. Үлкен топ­та өнер көрсеткен Өмірұзақ Ер­кеш (Петропавл қа­ла­сы) бас бәйгені қанжығасына бай­ласа, кіші топтан Ақжар ауда­ны­нан келген үміткер Мансұр Екпеш­ұлы топ жарды. Байқауға қатыс­қан барлық оқушылар және олар­дың ұстаздары диплом және Алғыс хат­тармен марапат­талды.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp