Қазан айында “Бидайық” шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашыларының қырағылығының арқасында алтын рудасын тасымалдаудың жолы кесілді.
Шекара қызметі облыстық департаментінің мамандары жолаушылардың жүктерін тексеру барысында Степногор қаласынан Ресей Федерациясының Омбы шаһарына жолға шыққан көлікті тоқтатқан. Қазақстан азаматының автокөлігінен салмағы шамамен 400-500 грамм болатын 7 дана алтын рудасы табылған. Ұсталған азаматтың сөзіне қарағанда, ол тастарды кәдесый ретінде жинаған көрінеді. Күдікті Уәлиханов ауданы бойынша полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ринат АЙТЖАНОВ.