«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасындай жарқ еткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми кітапханада қазақтың біртуар ұлы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына арналған “Аса көрнекті ақын” атты әдеби кеш өтті.

Жиын барысында жиналған қауым Алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы пікір алмасып, ақынның өлеңдерін оқып, жыр шумақтарына терең талдау жасады. Қазақстанның құрметті журналисі, республикалық “Egemen Qazaqstan” газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат ақын туралы баяндамасын оқыды. Сондай-ақ №7 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Раушан Рамазанова жасындай жарқ етіп сөнген қысқа ғана өміріне шолу жасады. Ал М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің жанындағы Тіл және әдебиет институтының 4 курс студенті Қызғалдақ Бердімұрат ақынның “Шығамын тірі болсам адам болып” атты өлеңін мәнерлеп оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Кеш соңында оқушылар мен студенттер қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлеріне бұл күнгі бөліскен құнды ақпараттары үшін алғыс айтып, естелік суретке түсті.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp