«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алтын ұя

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кез келген оқу ордасы білімнің биігіне, ғылымның қиясына жас қырандай қанат қағар ел ұрпағын тәрбиелейтіні заңдылық. Біздегі әрбір мектептің қайталанбас тарихы мен өз жетістігі бар. Мәселен қаламыздағы “ЛОРД” дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты – мақтаулы білім беру ұйымы.

Облыс орталығындағы Жастар сарайында аталмыш білім ордасы 30 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Мереке “Лицей жұлдыздары” атты оқушылар шеруімен басталды. Шеруде халықаралық, республикалық олимпиадаларда және тағы басқа байқауларда жетістікке жеткен оқушылар сап түзеді. Шеру аяқталысымен қонақтар мектептің 30 жылғы жетістікке толы тарихынан сыр шертетін көрмені тамашалады. Бүгінгі күнге дейін лицейді 650-ден астам түлек тамамдап, 10 пайыздан астамы ғылыми жолды таңдапты.

Салтанатты шарада облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков лицейдің жетістіктеріне тоқтала келе мектеп ұжымына шығармашылық табыс тілеп, 5 миллион теңгенің сертификатын тарту етті. Сонымен қатар оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етіп жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Салтанат Махмутова, бейіндік оқыту жұмысы бойынша директордың орынбасары, педагог-психолог-зерттеуші Елена Симонова, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Анар Аубакирова “Мағжан Жұмабаев” төсбелгісімен марапатталды. Бір топ ұстазға облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаты табысталды.

Салтанатты жиынға алыс-жақыннан келген құрметті қонақтардың құттықтаулары жеке кітап болып құрастырылып, “ЛОРД” лицейінің тарихи мұражайында сақталатын болады.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp