«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғалым атындағы корпус

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

18 жылға жуық қазіргі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін басқарған Қанаш Шәкенов – артына өшпес із, мол ғылыми және әдеби мұра қалдырған айтулы жерлестеріміздің бірі. Ол ректорлық еткен кезеңде еңселі оқу ордасының материалдық-техникалық базасы нығайып, оқу корпустары, студенттер жатақханалары, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған екі тұрғын үй, агробиостанция салынды. Жаңа мамандықтар ашылды. Мәскеу мемлекеттік университетімен ынтымақтастық жөнінде келісімшарт жасалып, сапалы ғылыми кадрлар даярлау шаралары жүзеге асырылды. Былтыр қоғам қайраткерінің 100 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілді.

Жуырда саналы ғұмырын өскелең ұрпақ тәрбиесіне, ғылым жолына арнап, өңір тарихында игілікті істерімен есте қалған тұлғаны ұлықтау рәсімі өтті. №2 корпусқа көрнекті ғалымның есімі беріліп, игі шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, марқұмның туған-туыстары мен шәкірттері ортақтасты.

Ректордың міндетін атқарушы Рената Апергенова өз сөзінде Қанаш Шәкенұлының халқы алдында сіңірген зор еңбегін атап өтті.

Бұдан бөлек, жерлесіміздің атында волейболдан еске алу турнирі ұйымдастырылып, 8 команда өзара күш сынасты. Бірінші орынды жеңіп алған педагогикалық факультет волейболшыларына ауыспалы кубок пен 100 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Екінші, үшінші орындарды бөліскен әкімшілік басқару аппараты мен медициналық факультеттің командаларына 75 мың және 50 мың теңге мөлшерінде сый-сияпат көрсетілді.

Алдағы уақытта көшелердің біріне есімін беру көзделіп отыр.

Диас АЯҒАН,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp