Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығында орналасқан Спорт сарайы мен Оқушылар сарайының қызметімен танысты.
Спорт сарайында 1,5 мың бала мен 400-ден астам ересек спорттың 12 түрі бойынша жаттығады. Спорт секцияларын аралау барысында Ғауез Торсанұлы жаттықтырушылармен және жас атлеттермен әңгімелесті.
Оқушылар сарайына қазір 3 мыңнан астам бала барады, олар 9 бағыт бойынша 103 үйірмеге қатысады.
Облыс әкімі зертханалар мен үйірмелер кабинеттерін аралап, оқушылармен тілдесті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.