«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада “Sana” әдеби-музыкалық клубында “Өңірде із қалдырған есімдер” портреттік галереясының кезекті кездесуі өтті. Портреттік галереяның екінші кездесуі облыстың құрметті азаматы, Қазақстанның құметті байланысшысы Тілек Әбдірахмановқа арналды.

Тілек Әйтімұлы 1935 жылы Аққайың ауданында дүниеге келген. Бала кезі соғыс жылдарына тұспа-тұс келген ол еңбек майданына ерте араласып, анасының қолғанаты болады. Еңбек жолын 1963 жылдың мамыр айында Совет аудандық байланыс кеңсесінде нормалаушы қызметінен бастап, кейін бас есепші, байланыс торабының басшысы, облыстық байланыс басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, көптеген марапатқа ие болды. Оған берілген “Құрметті байланысшы” атағы – кейіпкеріміздің ұзақ жылғы тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Тілек Әбдірахманов қандай қызметте жүрсе де руханиятқа жақын болып, әдебиеттен нәр алды. Оның мақалалары мерзімді басылымдарда жиі жарияланады.

Іс-шараға қатысқан студенттер мен оқушылар аға буынның әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын жолдады. Кездесу барысында жерлесіміздің өмірі, шығармашылығы туралы айтылды. Тілек Әбдірахмановтың сүйікті әндері орындалып, шағын фильм көрсетілді.

Алтынай СЫЗДЫҚОВА,

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp