«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сақтандыруға міндетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2005 жылы қабылданған заң бойынша әр жұмыс беруші жұмыс­керлерді сақтандыруға міндетті. Сақтандыру қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауы кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтайды. Бұл заң 17 жылдан бері қолданылып келе жатқанына қарамастан, әлі де міндетті сақтандыру шартын жаса­майтын компаниялар бар.

Сақтандыру – бұл ЖШС, ЖК және басқа заңды тұлғалардың өз жұ­мыскерлерін соңғы еңбек міндет­терін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасуы.

Ең­бек кодексінің 182-бабы 2-тармағы­ның 14) тармақшасына сәйкес сақ­тандырудың бұл түрі міндетті болып табылады және сақтандыру қызмет­кердің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиға болған жағдайда ғана қолданылады. Жа­затайым оқиғаға байланысты шы­ғыстар төлемдер түрінде белгілен­ген сомада не жұмсалған шығыстар сомасында өтеледі.

Жазатайым оқиға дегеніміз –  адам­ның еркіне қайшы келетін, ден­саулыққа зиян келтіруге, мертігуге немесе өлімге әкеп соққан ағзаға сыртқы механикалық, электрлік, химиялық, термиялық немесе басқа да әсер ету нәтижесінде пайда бол­ған кенеттен орын алған оқиға. Мін­детті сақтандыру шартын жасасу­дан жалтару әкімшілік құқық бұзу­шылыққа әкеп соғады. Осы құқық бұзушылық үшін кәсіпкерлік субъек­тісіне 1 000 АЕК дейін (2023 жылы – 3 450 000 теңге) айып­пұл салынады.

Қызметкерді жазатайым оқиға­лардан сақтандыру – еңбек (қыз­меттік) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян кел­тiрілген қызметкердің мүліктік мүд­делерін қорғау мақсатында, жұмыс берушілерге аннуитеттік сақтан­дыру шартын жасасу қажет.

Азат КӨШЕРБАЕВ,

облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp