«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Майталман механизатор

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Марат Қожақов – саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнаған жандардың бірі. Қазіргі уақытта ол Қызылжар ауданына қарасты Шаховское ауылындағы “Крахмал Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек етуде.

1983 жылы мектепті аяқтаған Марат Мағзұмұлы еңбек жолын кеңшарда тракторшы болып бастаған.

– Жоғары сыныпта оқып жүргенде бізді аға буын өкілдері трактор, жүк көліктері мен комбайн жүргізуге баулыды. Жазғы демалыста жастарға алқап басында жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Жақсы нәтижеге қол жеткізгендер жұмысқа еш кедергісіз орналасты. Мен алғашында картоп қазуға көмектестім. Кейін жұмысымды механизатор ретінде жалғастырдым, –  дейді кейіпкеріміз. 

Бақытты адал еңбектен тапқан Қожақовтар әулетінің бірнеше мүшесі осы серіктестікте жұмыс істеп жүр. Олардың алды зейнет демалысына шыққан. Өзіне артылған жұмысты абыроймен орындауға тырысатын Марат Қожақовты әріптестері үлгі тұтады.

– Көктемде жерге дән сіңіреміз. Ал күзде оны жинаймыз. Еңбектің жемісін жерден көріп отырмыз.  Менің қызметім маусымдық болғанымен, қыста да серіктестік басшылығы бізге жұмыс тауып береді. Өкінішке қарай, қазір техниканың тілін меңгерген, трактордың тізгініне отыруға әуес жастардың аздығы алаңдатады, – дейді ол.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp