«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ НЫШАНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Теңге – тәуелсіздік келбеті” деген атаумен Ұлттық валюта күніне арналған жылжымалы көрме ашылды. Шараға қатысқан Ұлттық банктің облыстық филиалының мамандары мен еңбек ардагерлері төл теңгеміздің тарихына жан-жақты тоқталды.

Облыстық мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасы бас­шысының міндетін атқарушы Ер­нияз Сұлтан Ұлттық валютаны енгізу ел экономикасының қалыптасуы­ның алғышарты екенін айта келіп, тең­генің шығуымен Қазақ­станның тәуелсіздігі де нығая түскенін жет­кізді.

Ұлттық банктің облыстық фи­лиа­лы­ның директоры Диас Мэлс жи­налғандарды төл ақшамызды да­йын­дау жұмыстарымен таныстыра келіп: “1993 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан рубль айма­ғы­нан толықтай шығып, 15 қараша кү­ні теңге ресми айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау сол жылдың 15 қара­ша­сы таңғы 8:00-де басталып, 20 қа­раша күні 20:00-де аяқталған еді. 1994 жылы қағаз тиындардың ор­нына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. 2006 жылы 15 қарашада 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар жаңа дизайнда жарық көрді”, – деді.

Көрме сөрелеріндегі банкноттар мен монеталар тамашалаушы­лардың қызығушылығын тудырды. Жасалу жолын, дизайнын сұраған жандар аз болмады. Сауалдардың барлығына музей мамандары жауап берді.

– Кез келген тәуелсіз мемлекет­тің ұлттық валютасы болуы керек. Өйт­кені бізді халықаралық қауым­дас­тық төл валютамыз арқылы та­нып біледі. Менде Қазақстанның 1993 жы­лы басып шығарылған теңге­лері бар. 1, 3, 5, 10 теңгелерді кө­зім­нің қа­рашығындай сақтап келе­мін. Әйгілі хандарымыз бен жырау­лары­мыз­дың бейнелері жаныма ыстық, – деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті Ерлан Бекен.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp