«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Палата директоры ауысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкер­лер палатасының шешімімен өңір­лік ке­ңестің келісімі бойынша об­лыстық кәсіпкерлер палатасының директо­ры болып Есжан Оразалин таға­йын­далды.

Есжан Қабиұлы 1970 жылы Шал ақын ауданының орта­лығы Сер­геевка қаласында дүние­ге келген.

1995 жылы Көкшетау ауыл ша­руашылығы университетін “Ғалым агроном” мамандығы бойынша бі­тір­­ген. 2006 жылы М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан универ­­ситетін тамам­даған.

Еңбек жолын 1989 жылы бас­таған. Әр жылдары мемлекеттік жер ресурстары және жерге орна­лас­тыру ғылыми-өндірістік орталы­ғының облыстық филиалында ин­женер-жерге орналастырушы, об­лыс­тық жер ресурстарын басқа­ру комитетінің бас маманы болып жұ­мыс істеді. 2004 жылдан 2022 жыл­ға дейін бірқатар кәсіпорынға же­текшілік етті. Алғашқы үш жылда “Азық-түлік келісімшарт корпора­циясы” акцио­нерлік қо­ғамы облыс­тық филиалы директо­рының орынбасары бол­ды, кейін бес жыл бойы осы кәсіпорынды бас­қарды. Содан кейін “Қазақстандық ас­тық компа­ниясы” ЖШС өңірлік өкілдігінің тіз­гінін ұстады. 2014 жылдан бастап “Сол­түстік” ӘКК” АҚ басқарма төра­ғасы қызметін атқарды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp