«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Басқармада – жаңа басшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және ар­хив ісі басқар­ма­сын енді Ержан Құлымбетов басқарады.

39 жастағы Ержан Мей­рам­бек­ұлы Қызылорда қаласында дүние­ге келген. Ресейдің Мәскеу қаласын­­да­ғы театр өнері универ­ситетін ак­тер­лік шеберлік маман­дығы бойын­ша тамамдаған. 2008-2010 жыл­дар ара­лығында Италияның Ми­лан қа­ласындағы му­зыкалық театрда тә­жі­­ри­бе жина­ған. Еңбек жолын 2005 жылы Бай­қоңыр қала­сындағы Мәде­ниет са­райында музыкалық сүйемел­деуші болып бас­тады. Түрлі жыл­дары Ал­маты қаласындағы Қа­зақ ұлттық өнер академиясында во­кал бойын­ша оқыту­шы, Астана қала­сындағы оқушылар са­ра­йын­да бас режиссер, Қазақ ұлт­тық өнер уни­верситетінде “Ак­терлік шеберлік пен өнер” ка­федрасының аға оқы­тушысы бо­лып жұ­мыс істеген. Сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінде тәр­бие және жастар сая­саты бөлі­мінің басшысы лауазы­мында қыз­мет етті. 2021 жылдан осы та­ғайындауға дейін Астана қа­ласы Қазақ ұлттық универси­тетіндегі “сазды-драма және қуыр­шақ театры” кафедрасының аға оқытушысы болған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp