Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасын енді Ержан Құлымбетов басқарады.
39 жастағы Ержан Мейрамбекұлы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ресейдің Мәскеу қаласындағы театр өнері университетін актерлік шеберлік мамандығы бойынша тамамдаған. 2008-2010 жылдар аралығында Италияның Милан қаласындағы музыкалық театрда тәжірибе жинаған. Еңбек жолын 2005 жылы Байқоңыр қаласындағы Мәдениет сарайында музыкалық сүйемелдеуші болып бастады. Түрлі жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында вокал бойынша оқытушы, Астана қаласындағы оқушылар сарайында бас режиссер, Қазақ ұлттық өнер университетінде “Актерлік шеберлік пен өнер” кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінде тәрбие және жастар саясаты бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті. 2021 жылдан осы тағайындауға дейін Астана қаласы Қазақ ұлттық университетіндегі “сазды-драма және қуыршақ театры” кафедрасының аға оқытушысы болған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.