«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ – АЛҒЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлт­тық банктің Солтүстік Қа­зақстан фи­лиалында төл теңгеміздің 30 жыл­дық мерейтойына ар­налған салта­натты іс-шара өтті. Жиынға банк, қаржы саласының ма­мандары қа­тысып, айтулы күнінің ұлтымыз­дың тарихындағы маңызына тоқталды.

Мерекелік іс-шарада теңгенің 30 жылдығына орай арнайы фильм көрсе­тілді. Облыс әкімінің орынба­сары Қанат Дүзелбаев теңгенің айтулы жетістіктері туралы арнайы баяндама жасап, қаржы саласы мамандарының қажырлы еңбегіне алғысын білдірді. Ол саладағы бірқатар маманға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Ұлттық банк филиалының басшысы Диас Мэлс төл теңгеміздің ел эко­номикасындағы алар маңызды ор­нын сөз етті. Теңгенің сапасы, банк жүйесінің реформалануы, тең­ге ай­налымы жайлы мәліметтермен бөліскен ол осы салада ерен еңбек еткен қызметкерлерді мерекемен құттықтап, бірнеше ардагердің кеу­десіне Ұлттық банктің мерейтойлық төсбелгісін тақты.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp