«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұқпалы кеселмен күрес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сібір жарасы – жануарлар мен адамдар үшін аса қауіпті жұқпалы ке­сел. Өңірде эпиде­миологиялық ахуал тұрақты болғанымен, сақтан­дыру жұ­мыс­тарын күшейтпей бол­май­ды. Өйткені оның тарауының ық­тималдығы жоғары ошақ­тары аз емес. Бұл туралы об­лыс әкімінің бі­рінші орынбасары Марат Тасмағам­бетов қатыс­қан жиында айтылды.

Шарада облыстық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл департа­ментінің мамандары сібір жарасы бойынша тізілімді цифрландыруды ұсынды.

Департамент басшысы Асхат Жа­қыпбеков талдау жұмыстары бары­сында сібір жарасын жұқтырған малды көму орындарына бас­ты на­зар аударылғанын, өйткені үй жануарларына қатысты түрлі ау­ру­лар­дан ауыл шаруашылығы тауа­р өнді­рушілерін, ел халқын қорғау өте өзекті мәселе екенін атап өтті.

Департамент бірқатар пробле­маларды, оның ішінде заңнамадағы олқылықтарды, облыстық деңгейде уәкілетті бақылаушы мемлекеттік ор­ганның, сондай-ақ осы саланы қаржы­ландырудың жоқтығын анықта­ған.

Талқылау нәтижелері бойынша өңір аумағында сібір жарасының өр­шуіне жол бермеу мақсатында нақты мемлекеттік органға сібір жарасын жұқтырған малды көметін орындар­ды күтіп-ұстау жөніндегі функ­ция­ларды беру, ветеринарлық талап­тарға сәйкес, олардың техни­ка­лық жай-күйін жақсарту үшін 2024 жылға арналған қаражат қарастыру, сон­дай-ақ халықты ақпараттандыру және қоғамдық бақылауды күшейту үшін жер учаскелерін мемлекеттік есеп­ке алу негізінде ақпараттық жүйеде “Сібір жарасы көмінділері картасы” жеке бөлімін құру мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.

 Өмір ЕСҚАЛИ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp