«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 15, 2023

Экстремистік әрекеттер – үлкен қатер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерінің басшыларымен кездесуде экстремизмге қарсы күреске байланысты нақты шаралар үйлесімді, бірлескен түрде жүргізілуі қажеттігін атап көрсеткен болатын. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІ сьезінде сөйлеген сөзінде экстремизм мен терроризм күрделі мәселелер және өте қауіпті болып қала беретінін, бүгінгі қиын кезеңде діни көшбасшылардың бір үстел басында бас қосуы арқылы адамзаттық ортақ пікірге …

Экстремистік әрекеттер – үлкен қатер Read More »

Ауылдағы өрт сөндіру бекеті

Уәлиханов ауданының Мортық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл нысан төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, өрттерді сөндіру, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін аса қажет. Енді өртсөндірушілер оқыс оқиға орнына жылдам жетіп, көмек көрсете алады. Өрт сөндіру бекетінде әзірге 2 маман жұмыс істеуде. Оларға қажетті техникалық құрал-жабдықтардың барлығы сатып алынды. Мортық пен Кішкенекөл ауылының аралығындағы қашықтық …

Ауылдағы өрт сөндіру бекеті Read More »

Анықтама алудың жедел жолдары

Бүгінгі күнде үш мемлекеттік қызметті оңайлатылған және жеделдетілген жол арқылы порталдан алу мүмкіндігі жүзеге асырылған. Мәселен, “Соттылықтың болуы, не болмауы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызметі толықтай автоматтандырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау және нәтижесін беру  портал арқылы жүзеге асырылады. Бұл азаматтарға сұрауларының көп бөлігін үйден шықпай, 10 минуттың ішінде алуға мүмкіндік берді.  Қызметтерді оңтайландыру аясында …

Анықтама алудың жедел жолдары Read More »

БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте “Qyzyljar”  арнайы экономикалық аймағының биылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспары талқыланды. Жалпы 12 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы 2019 жылы құрылды. Жалпы аумағы 212,3 гектарды құрайды. Республика бойынша жұмыс істеп тұрған 13 экономикалық аймақтың ішінде алып жатқан …

БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕН Read More »

Тынымсыз жаттығудың жемісі

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия пара ойындарына қатысқан солтүстікқазақстандық спортшыларды қабыл­дады. Салтанатты шарада құрлықтың басты бәсекесінде қола жүлде иеленген Иван Залезняк пен оның бапкерлеріне сый-құрмет көрсетілді. Биылғы Азияның пара ойында­рына 42 мемлекеттің үздік атлеттері қатысты. Ұлттық құрама сапында үш жерлесіміз болды. Олар: Сер­гей Харламов, Иван Залезняк және Евгений …

Тынымсыз жаттығудың жемісі Read More »

Жұқпалы кеселмен күрес

Сібір жарасы – жануарлар мен адамдар үшін аса қауіпті жұқпалы ке­сел. Өңірде эпиде­миологиялық ахуал тұрақты болғанымен, сақтан­дыру жұ­мыс­тарын күшейтпей бол­май­ды. Өйткені оның тарауының ық­тималдығы жоғары ошақ­тары аз емес. Бұл туралы об­лыс әкімінің бі­рінші орынбасары Марат Тасмағам­бетов қатыс­қан жиында айтылды. Шарада облыстық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл департа­ментінің мамандары сібір жарасы бойынша тізілімді цифрландыруды ұсынды. Департамент басшысы …

Жұқпалы кеселмен күрес Read More »

ҚАЙСАР ҚАЛАМГЕР

Қызылжар өңірінің қайсар ұлы, танымал журналист, айбынды азамат Мәлік Мұқанов ағамыз тірі болса осы күндері 80 жасқа толар еді. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен шара қаламгердің өмірі мен шығармашылық мұрасына арналды.  Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері мен журналистің туыстары Мәлік Мұқановтың өнегелі өмір жолы туралы ой толғады. Еңбек ардагері, облысымыздың құрметті азаматы Болат …

ҚАЙСАР ҚАЛАМГЕР Read More »

Қола қазан

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы құнды заттардың бірі –  бір ғасырға жуық сақталған қола қазан. Құрылысшылар 1928 жылы Щучье көлінен солтүстікке қарай 6 шақырым, Бурабай орман техникумынан 2 километр қашықтықта (Ақмола облысына қарасты Бармашын елді мекені маңынан) жер қазып жүріп салмағы шамамен 40 центнер болатын тас тақтайшаны тауып алған. Оның астында іші қазынаға толы қола қазан …

Қола қазан Read More »

Мұз айдынындағы тартыс

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында “Құлагер” хоккей клубы өз мұз айдынында қарағандылық “Сарыарқа” командасын қабылдап, екі ойын өткізді. Біріншісінде жерлестеріміз қонақтарды қапы қалдырса, қарымта кездесуде есе жіберді. Ел біріншілігінде жерлестеріміз 10-шы орында келеді, “Сарыарқа” клубы 6-шы сатыда тұр. Турнир кестесіндегі айырмашылыққа қарамастан бірінші ойында  айдын иелері азулы қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді. Ойынның бірінші кезеңінде солтүстікқазақстандықтар …

Мұз айдынындағы тартыс Read More »

ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН

Петропавлда тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр. Облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстанның 16 қаласынан 16 команда қатысуда. Тоғызқұмалақтан ел біріншілігінде барлығы 445 ұл мен қыз  бақ сынауда. “Әр команда сапында 4 ойыншыдан, құрамында екі ұл мен екі қыз бар. Биылғы жарыс екі жас санаты бойынша өтіп жатыр. 9-15 жас …

ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН Read More »

АБАЙЛАҢЫЗ, РӨЛДЕ – МАС ЖҮРГІЗУШІ!

Облыста соңғы 10 айдың ішінде мас жүргізушілердің кінәсінен 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 30-ы түрлі дене жарақатын алды. Қарашаның 7-12 күндері аралығында өткен “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс полицейлері 29 мас жүргізушіні анықтады. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы ауылдардың бірінде тәртіп сақшылары “ВАЗ 2106” автокөлігін тізгіндеген жүргізушіні тоқтатқан. Медициналық куәландыру оның  …

АБАЙЛАҢЫЗ, РӨЛДЕ – МАС ЖҮРГІЗУШІ! Read More »

Жүлдегер оқытушылар

Қостанай қаласында “World-Skills” стандарттары бойынша көлік және байланыс саласындағы техникалық, кәсіби білім беру оқытушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Бұл сайыста облыс намысын Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушылары Владимир Сафронов пен Әділ Сатыбалдиев қорғады. Орта арнаулы білім ошағының мұғалімдері тәжірибе жүзінде оқушылармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Нәтижесінде Владимир Сафронов сарапшылық сертификатын алса, Әділ …

Жүлдегер оқытушылар Read More »

Алаяқтықтың кең таралған әдістері

Алаяқтар азаматтардың қалтасын қағу үшін алдап-арбаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Алдау схемалары әртүрлі болуы мүмкін: банк клиентінің бейтаныс сілтемені басуы, құпиясөзді бұзу, желіде алдамшы ұсыныстар беру және т.б. Алайда азаматтар өздерінің желідегі қауіпсіздігі қаржылық және ақпараттық сауаттылығының деңгейіне тікелей байланысты екенін есте ұстауы керек. Мысалы, алаяқтар өз тауарла­рын немесе қызметтерін интернетте түрлі сайттарда арзан бағамен …

Алаяқтықтың кең таралған әдістері Read More »

ҚУАТТЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ

Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының алғашқы сессиясына қатысқан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев “Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған “Ауыл” партиясы өз үлесін қосады”, – деп үлкен сенім білдірген болатын. “Ауыл” – Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған еліміздегі жетекші саяси ұйым. Қазіргі уақытта партия жанынан құрылған екі …

ҚУАТТЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ Read More »

Жалақы аз, маман тапшы

“СЕВКАЗЭНЕРГО” акционерлік қоғамында 500 жұмыс орны бос тұр. Оған мамандарға төленетін жалақының мардымсыздығы себеп. Бүгінде кәсіпорында 2 мың маман еңбек етуде. Мәселені тарифті және еңбекақы төлеу қорын өсіру арқылы шешуге болады. Алайда мұндай қадамға баруға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті рұқсат бермейді. “AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы өңірлік даму жөніндегі кеңестің …

Жалақы аз, маман тапшы Read More »

Бірыңғай база

Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берудің, кезекке қою мен есепке алудың бірыңғай базасы құрылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министр­лі­гі­нің аппарат жиналысында айтылды. Аталған орган басшысының орынбасары Айбат Ілиясов бірыңғай базаның жобасы тиімді қаржыландыруды көз­дей­тінін жеткізді. Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, отбасында екіден көп бала болса, ата-аналар балаларын бір балабақшаға бере алады. Мемлекеттік дерекқорлардан ин­тег­рация арқылы жеңілдік мәртебесін растау …

Бірыңғай база Read More »

“ӘКЕ, АНАМДЫ ҰРМАШЫ!”

Елімізде жыл сайын жақын адамының қолынан 500-ге жуық қыз-келіншек көз жұмып, полицияға жан ұшыра шырқырап көмек сұраған нәзік жандардан 100 мыңнан астам қоңырау түседі. Соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өтініштер саны үш есеге артқан. Биылдан бастап еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналған отба­сы­лық-тұрмыстық зорлық-зомбылық­қа қатысты қолданыстағы кодекс баптары қатаңдатылды. Облыстық полиция департаменті берген ақпа­ратқа сәйкес, …

“ӘКЕ, АНАМДЫ ҰРМАШЫ!” Read More »

Өкініш өзегімді өртейді

“Бала – адамның бауыр еті” деп жатамыз. Мен “бала адамның бауыр еті ғана емес, тұтас жаны” дер едім. Кез келген адам баласымен мақтанады, баласының амандығынан күш алады, перзентінің жетістіктері арқылы мерейі тасып, жаны марқаяды. 2004 жылы жұбайым, балала­рымның анасы Әзина Әуелбекова қайтыс болғанда, ұлым Алхат 15 жаста еді. Айдың-күннің аманында серігімнен айырылып, өмірім тас түнекке …

Өкініш өзегімді өртейді Read More »

Ата-ананы тыңдамау – ауыр күнә

Қазақта “Төріңнен қарт кет­песін”, “Ақ сақалды ата бол, ақ самайлы әже бол” дейтін ақ баталар бар. Жасы үлкенге құр­мет еткен, қартын сыйлаған, жетімін жебе­ген, жесірін жы­латпаған халықпыз. Ұрпақ – өзін өмірге келтірген, тірші­лігіне нәр берген ата-ананың алдында мәңгілік қарыздар. Ана­ның ақ сүтін, әкенің ақ тілегін ақтау өз болашағыңа жарқын жол ашу деген сөз. Ата-анаға не …

Ата-ананы тыңдамау – ауыр күнә Read More »