«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр. Облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстанның 16 қаласынан 16 команда қатысуда.

Тоғызқұмалақтан ел біріншілігінде барлығы 445 ұл мен қыз  бақ сынауда. “Әр команда сапында 4 ойыншыдан, құрамында екі ұл мен екі қыз бар. Биылғы жарыс екі жас санаты бойынша өтіп жатыр. 9-15 жас аралығындағы спортшылар жасөспірімдер санатында сынға түссе, 21 жасқа дейінгілер жастар қатарында өзара мықтыны анықтайды. Әзірге іріктеу ойындары өтуде”, – дейді тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Талғат Жансейітов.

Спортшылардың алғырлығы, есепке жүйріктігі сынға түсетін ойында бір ғана қателік жеңіліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан қатысушылар әр қадамын қойын дәптерлеріне жазып отырады.

– Тоғызқұмалақ ойыны ойлау және есептеу қабілеттерін жетілдіреді. Бұл спорт шахматқа ұқсайды. Мұнда да әр қадамды мұқият ойлану қажет. Сондықтан мен дәптеріме құмалақтарды қайда салғанымды жазамын. Есе жіберсем, қателіктермен жұмыс істеймін, – дейді Екібастұз қаласынан келген спортшы Дәмелі Әбдірахманова.

Ақтық ойындар қарашаның  19-ы күніне жоспарланған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар мен медальдар табысталады. Ал үздік ойыншылар ұлттық құрамаға алынады. Биыл бұл спорт түрінен ересектер арасында әлем біріншілігі ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.           

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp