Бүгінгі күнде үш мемлекеттік қызметті оңайлатылған және жеделдетілген жол арқылы порталдан алу мүмкіндігі жүзеге асырылған. Мәселен, “Соттылықтың болуы, не болмауы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызметі толықтай автоматтандырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау және нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Бұл азаматтарға сұрауларының көп бөлігін үйден шықпай, 10 минуттың ішінде алуға мүмкіндік берді. Қызметтерді оңтайландыру аясында азаматтарға оны ұялы байланыстың абоненттік қондырғылары, яғни, порталдың ұялы түрі арқылы алу мүмкіндігі ұсынылған.
Азаматтар үшін тағы да бір ыңғайлылық шетелге шығу үшін анықтамаға сұрауды мемлекеттік корпорацияның филилдарының мекенжайын таңдай отырып электронды түрде беру мүмкіндігі. Бұрын сұрау тек қағаз жүзінде міндетті түрде мемлекеттік корпорацияға бару арқылы жолданатын.
Порталда “Анықтаманы үшінші тұлғамен алу сервисі” көмегімен сұрау салған бастамашы өз бетінше егер де бұл адамның келісімі болған жағдайда, басқа адамға қатысты электрондық сұрау жолдай алады. Электрондық анықтама алуға мемлекеттік корпорацияның форнт-кеңсесіне азаматтарды жіберудің қажеті жоқ.
Анықтаманы “EgovKzBot” қосып “Telegram” мессенджерінің көмегімен де алуға болады. Ол үшін азаматтардың мобильді базасына тіркелу қажет.
Соттылықтың болуы, не болмауы туралы анықтаманы апостильмен беру оны азаматтарға композитті беруге мүмкіндік берді. Бұл үшін композитті қызмет алуға өтінішті электронды түрде беру, электрондық үкіметтің төлем шлюзінің көмегімен онлайн режімде баж салығын төлеу, қағаз жүзінде нәтижені алу үшін порталда мемлекеттік корпорацияның филилдарының мекенжайын таңдау мүмкіндігі жүзеге асырылған.
“Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының архивтері шегінде архивтік анықтамалар және архивтік құжаттардың көшірмесін беру” мемлекеттік қызметі жеке, заңды тұлғаларға электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз жүзінде көрсетіледі.
Архивтік анықтама алу үшін қызмет алушы портал және мемлекеттік корпорация баламасы арқылы туыстығын растайтын құжаттардың көшірмесін қоса сала отырып, өтініш береді, қажет болған жағдайда оған апостильмен бірге композитті түрде қол жеткізеді. Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметтері азаматтарға жүк салмай, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының мәліметтерін дербес құрамды басқарудың “Е-қызмет” интеграцияланған ақпараттар жүйесі арқылы өздері ала алады.
Қолданыстағы еңбек заңнамасында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдар үшін белгілі бір шектеулер қарастырылған. Квазимемлекеттік сектор ұйымына жұмысқа тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің бар, не жоқ екені туралы анықтама ұсынуға міндетті. Қазір квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыруды шектеу барлық лауазымдарға қолданылады, бұрын бұл шектеулер басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға қатысты болатын.
Комитет адамның сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтерді беруді мемлекеттік қызметтер көрсету санатына ауыстырды.
Мемлекеттік қызметтің ұсынылуы www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Қызметтің орындалу мерзімі 10 минут, қосымша анықтамалық тексеріс жағдайында 5 жұмыс күнін құрайды.
Сондай-ақ қызметкерлерге қатысты мәліметтерді алу үшін, олардың келісімі болған жағдайда “Жеке кабинет” немесе “sms”-растау арқылы жұмыс берушілерге қолжетімді. Осындай қызметті мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда ғана алуға болады.
Мобильді азаматтар базасына тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорацияның кез келген фронт-офисіне жүгіну арқылы “электрондық үкімет” веб-порталының “Жеке кабинетіндегі” “телефон” бағанында телефон нөмірін көрсету немесе оны жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) байланыстыруы қажет.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.