«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауылдағы өрт сөндіру бекеті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Уәлиханов ауданының Мортық ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл нысан төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, өрттерді сөндіру, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін аса қажет. Енді өртсөндірушілер оқыс оқиға орнына жылдам жетіп, көмек көрсете алады.

Өрт сөндіру бекетінде әзірге 2 маман жұмыс істеуде. Оларға қажетті техникалық құрал-жабдықтардың барлығы сатып алынды. Мортық пен Кішкенекөл ауылының аралығындағы қашықтық 50 шақырымды құрайды. 

Өртсөндірушілер Мортық, Көктерек, Қарамырза ауылдарындағы өрт қауіпсіздігін сақтап, төтенше жағдай орын алған кезде жедел әрекет ете алады. Бүгінде үш елді мекенде 610 адам тұрып жатыр.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp