«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қола қазан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы құнды заттардың бірі –  бір ғасырға жуық сақталған қола қазан.

Құрылысшылар 1928 жылы Щучье көлінен солтүстікке қарай 6 шақырым, Бурабай орман техникумынан 2 километр қашықтықта (Ақмола облысына қарасты Бармашын елді мекені маңынан) жер қазып жүріп салмағы шамамен 40 центнер болатын тас тақтайшаны тауып алған. Оның астында іші қазынаға толы қола қазан төңкеріліп жатқан екен.  Қазанда алтын және күміс бұйымдар, сүйектен жасалған моншақтар, карнель мен әйнек, найзаның темір ұшы, адам қаңқасы болған. Олардың біразы Мәскеудің орталық музейіне тапсырылған. Мамандардың болжауынша, қазанды скиф-сарматтар тамақ пісіру мақсатында қолданған.

Қазанның (ұстауға ыңғайлы болсын деген мақсатта жасалған) төрт тұтқасы бар. От үстіне шынжырмен іліп қою үшін пайдаланылған ілмегін де көруге болады. Ғалымдар бұл жәдігерге: “Ежелгі дәуірде өмір сүрген адамдардың металлургияны қай деңгейде игергенін көрсететін құнды археологиялық артефактілердің бірі”, – деп баға берген. Сынған, жарықшақ, кетік жерлері “сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейтінін” растайды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp