Облыс жолдарында жыл басынан бері 327 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 113-і жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты болған. Орын алған жол апаттарының 25-іне жаяу жүргіншілер кінәлі. Жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыруға бағытталған рейдтерден бөлек, тәртіп сақшылары жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарына ден қоюда.
Полицейлердің ұсыныстары бойынша білім ордалары мен адамдар көп жиналатын орындарға жақын орналасқан көшелердегі жол белгілері жаңартыла бастады. Жол белгілері жарық-диодты шамдармен жабдықталуда, бұл оларды қараңғы уақытта, кез келген ауа райында анық көруге мүмкіндік береді. Облыс орталығының жол желісінде жарық-диодты шамдары бар барлығы 46 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған. Қазір тағы 10 жаяу жүргіншілер өткеліндегі белгілер жаңартылуда.
Серік ӘЛЖАНОВ,
облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.