«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Науқас адамға несие рәсімдеген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорларының тексерісінен кейін психикалық ауруы бар адамға 300 мың теңгеге жуық несиенің рәсімделгені анықталды.

2021 жылы “Kaspi Вank” акционерлік қоғамы арқылы облыс орталығының тұрғынына несие рәсімделген. Осылайша Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптары бұзылған.

Прокурорлар несиені заңсыз рәсімдеу дерегін халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша жүргізілген қадағалау жұмысы аясында анықтады.

Ақыл-есі кем, әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға несие рәсімделгендіктен, прокурорлар сотқа несие шартын жарамсыз деп тану туралы талап жіберді.

Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды, несие шарты жарамсыз деп танылып, әрекетке қабілетсіз адамның құқығы қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы, яғни интернет алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp