«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңімпаздар белгілі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен командалық ел біріншілігі өз мәресіне жетті.

Биыл алғаш рет Қызылжар төрінде ұйымдастырылған командалық ел біріншілігіне 16 өңірдің өрендері қатысты. Қорытындысында жасөспірімдер арасында Түркістан облысының ұлдары бірінші орынға ие болса, Павлодардың командасы күміс жүлдегер атанды, үздік үштікті Қостанай облысы қорытындылады. Қыздар арасында алтын қызылордалық спортшыларға бұйырды, екінші орынға Түркістан және үшінші сатыға Қостанайдың қыздары жайғасты.

Жастар арасындағы бәсекеде Ақтөбе облысы жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс жүлде Қызылорда командасына бұйырса, қоланы Шымкент қаласының бозбалалары қанағат тұтты. Бойжеткендер арасындағы додада Павлодар жеңімпаз атанса, Ақтөбенің бұрымдылары екінші орынға ие болды. Түркістандық тоғызқұмалақшылар үшінші сатыға тұрақтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp