«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Емтихан ережесі күшейтілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Теориялық емтихан тапсыру үшін “ЖЖЕ 3.0” жаңа жүйесі енгелі бе­рі тексеріс ережелері күшейді. Со­ның нәтижесінде, Шымкент қала­сын­­­да, Түркістан, Ақтөбе және Ал­ма­ты облыстарында емтихан тап­сы­ру ережелерін бұзған азаматтар­дың нәтижелері күшін жойды.

Жаңа жүйенің арқасында “Азаматтарға арналған үкімет” КЕ АҚ” мемлекеттік корпорацияның ма­ман­дары қызмет алушылардың ем­тихан барысында жеке компьютер­лерге қа­шықтан қосылуға мүмкіндік беретін микроқұлаққаптарды, “HDMI” сплит­терді қолданғаны тура­лы деректерді анықтады. Сонымен қатар, қолда­ну­ға тыйым салынған құрылғыларды көйлек-жейделерінің жеңіне салып немесе элек­трон­ды құрылғылар ор­натылған киіммен кіруге тырысқан.

Мәселен, Шымкент қаласында емтихан тапсырушы үшінші тұлға­ның көмегіне жүгінген. Ол жақын ор­наласқан терезені қағу арқылы дұ­рыс жауапты білдіртіп отырған. Жүйе емтихан тапсырушының қи­мыл-қозғалысын, терезеге жиі на­зар аударатынын анықтаса, аудио­жазба терезе тұстан келген дыбыс­тарды тіркеген. Нәтижесінде, емти­хан нәти­желері есептелмей, күшін жойды.

– Жаңа жүйе биыл, қазан айын­да Қазақстанның аумағындағы 83 ем­тихан сыныбына енгізілген. Осы аралықта емтиханды сәтті тапсыр­ғаны туралы нәтижелер саны екі есеге азайған. Бұл жүргізуші куәлігін жол жүру ережелерін жақсы мең­герген азаматтардың алып жатқан­дығын дәлелдейтін көрсеткіш, – деді “Азаматтарға арналған үкімет” КЕ АҚ” мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбаса­ры Шыңғыс Оразалимов.

Ал емтихан нәтижелері жойыл­ған азаматтар оны қайта тап­сыруға тек үш айдан кейін ғана жа­зыла алады. Жыл басынан бері бір миллионнан астам адамға жүргізу­ші куәлігі берілген.

Анар ҚҰСАНОВА,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp