«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғашқы олимпиада

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде ауыл мектептері оқу­шы­лары арасындағы республика­лық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңі басталды. Пәндік олимпиа­дада 85 мыңнан астам жоғары сы­нып оқушысы бақ сынамақ. Ал об­лыста білім сайысына 3 мыңға жуық бала қатысады. Дода 13 пән бойынша өтеді. Оқушылар тек қа­лам және қағазбен кіруі қажет. Олардың іс-әрекеті камералар ар­қылы қадағаланады. Мұндай іс-шара елімізде бірінші рет ұйымдас­тырылып отыр. Мәселен, Қызыл­жар ауданы бойынша 460 оқушы олимпиадаға қатысуға ниет білдір­ген. №2 Бескөл орта мектебінің оқу­шысы Ләззат Серікпайдың айтуын­ша, бұл олимпиадаға екі ай бойы дайындалған. Арнайы репетитор жалдаған. Тапсырмалар “auyl.daryn.kz” сайтында бар.

– Барлық тапсырмалар ком­пью­терде шығады, яғни олимпиада онлайн өтеді. Ол қа­ра­шаның 28-іне дейін жалғасады. Не­міс және француз тілі бұл олимпиа­даға енбеген, – дейді “Қызылжар дарыны” дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының директоры Қуаныш Белгібай.

Пәндік олимпиада үш кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңін желтоқсан айында облыстық білім басқарма­лары өткізеді. Бұл сынақта жеңіске жеткендер Астана қаласында өте­тін республикалық олимпиадаға жолдама алады.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp