«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тартысқа толы ойын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бірінші туры өтіп жатқаны белгілі. Осы жарыс аясында суперкубок сарапқа салынды. Жергілікті “Қуаныш” командасы “Алматы” клубымен кездесті.

Ереже бойынша суперкубок өткен маусымдағы ел чемпионы мен кубок иегерінің арасында өтетіні белгілі. “Қуаныш” – кубок иегері, ал ел чемпионы атанған “Алтайдың” құрамындағы негізгі волейболшылар кетіп қалғандықтан, Қазақстан волейбол федерациясының шешімімен суперкубокқа “Қуаныш” пен “Алматы” командалары таласатын болып ұйғарылды.

Ойын тартысты өрбіді. Бірінші партияда 25:23 есебімен Рафаэль Гилязутдинов жаттықтыратын алматылықтар басым түссе, екіншісінде солтүстікқазақстандықтар 25:21 есебімен есе қайтарды. Кейін “Алматы” қайтадан алға шықты. Ойынның төртінші бөлігінде “Қуаныш” таразы басын теңестірді. Алайда шешуші партияда алматылықтар жеңісті жұлып әкетіп, суперкубок иегері атанды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp