«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДЫН АЛҒАН АДАСПАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде кездеседі. Бұл мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын және инвестициялар тарту үдерісін тежейді. Мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Қазір әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде.  Барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, лауазымды адамдар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті.

Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Соның аясында азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді түрде тартылуда.

Мемлекеттік органның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы мақсатында мемлекеттік сатып алу мониторингі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, қол астындағы адам сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі, қоғамдық бақылау, НҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сынды іс-шаралар жүргізіледі.

Мәселен, мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу аса маңызды. Мемлекеттік сатып алу – мемлекеттік органның барлық сатыларын қамтитын сала. Әсіресе, тәуекелдер бір көзден сатып алу кезінде пайда болады. Мониторинг ұқсас шарттардың техникалық ерекшеліктерін салыстыру, сондай-ақ бірдей тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағасының негізділігін тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұндағы  негізгі міндет – бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болғызбау.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, ол 2022 жылды және биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығын  қамтыды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 11-тармағына сәйкес, талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ашу  бойынша жұмыс жүргізілді.

Талдау барысында жұмыс тобы 5 тәуекелді анықтады, 8 ұсыныс берді. Осы ретте басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Олардың барлығы орындалды.

Қазақстан заңнамасында қол астындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі туралы норма бар. Бұл норма  орынды қабылданған. Өйткені бірінші басшы мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сақталуын қамтамасыз етеді.

Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу “бармақ басты, көз қыстылыққа” жағдай жасайтын нормаларды анықтауға, олардың сыбайлас жемқорлық дәрежесін бағалауға, осындай факторларды жоюға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтер мониторингін жүргізу маңызды.  Басқарма электронды және қағаз форматта 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді.  Қазіргі таңда көрсетілетін мемлекеттік қызметті цифрландыруға көп көңіл аударылған. Себебі мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету қызмет алушымен тікелей байланысты азайтады. Осылайша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелдері азаяды, мемлекеттік қызметтер көрсетуде айқындылық, ашықтық елеулі түрде артады, артықшылық, жеке мүдделер мен туыстық байланыстар болмайды.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ұйымдастырушылық және ақпараттық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нормаларды сақтау мақсатында мемлекеттік қызметші өзінің функционалдық міндеттері мен еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы және өзге де заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға міндетті. Осы арқылы сыбайлас жемқорлық көріністеріне “нөлдік төзімділік” қағидаты орындалады.

Ильдар ЫСМАҒҰЛОВ,

облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp