«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауылға қажет нысан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. “Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында іргетасы қаланған амбулатория жыл соңында пайдалануға берілуі тиіс. 

Ауылдықтар үшін маңызды нысанның құрылысын “Градо-Строй Сервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы құны шамамен 400 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталыпты. Қазір нысан ішін бөлу, еден мен қабырғаларды құю және сылау жұмысы жүріп жатыр. Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін медициналық жабдықтар орнатылады.

“Әлі де атқарар жұмыс көп. Бірақ құрылысты уақытында аяқтаймыз. Қазір нысанда 40-қа жуық адам еңбек етіп жатыр. Ғимараттың жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрайды. Егер қандай да бір аяқ асты өзгеріс болмаса, жыл соңына қарай амбулаторияны тапсырамыз”, – деп атап өтті жоба жетекшісі Дәулет Қалиасқаров.

Жалпы өңірімізде аталған жоба аясында 46 медициналық мекеме салу жоспарланған. Оның ішінде 8 нысанның құрылысы биыл аяқталады. Олар – 5 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық қосын.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp