«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кикбоксшылар күмісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Португалияның Албуфейра қаласында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде отандық спортшылар 5 алтын, 5 күміс және 12 қола медаль олжалады. Ұлттық құрама сапында екі солтүстікқазақстандық кикбоксшы күміс жүлдегер атанды.

Португалиядағы әлем бірінші­лі­гіне 70 елден 600-ге жуық спорт­шы қатысты. Кикбоксшылар фулл-контакт, лоу-кик, кик-лайт және К-1 бағыттары бойынша сынға түсті. Ұлттық құрама сапында солтүстік­қазақстандық Данияр Жарасов, Аслан Асылбеков және Нұрсұлтан Жақыпов ел намысын қорғады.

Данияр Жарасов фулл-контакт бағыты бойынша 54 килограмм салмақта күміс медаль еншіледі. Жерлесіміз үш кездесу өткізіп, тек финалдық жекпе-жекте ғана лан­диялық қарсыласына есе жіберді.

Ал Аслан Асылбеков фулл-контакт бағыты бойынша сынға түсіп, 57 килограмм салмақ дәре­же­сіндегі спортшылар арасында екінші орынға ие болды. Ол төрт жекпе-жекке қатысты. Алдымен ол Болгария елінің өкілін жеңіп, кейін Испания және Әзірбайжан құрама­ларының мүшелерінен ұпай саны­мен басым түсті. Ақтық сында 2:1 есебімен түркиялық қарсыласына жол берді. Нұрсұлтан Жақыпов ширек финалда сүрінді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp