«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Онлайн турнир

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департамен­тіне қарасты мекемелерде сот­талғандар арасында шах­маттан онлайн турнир ұйым­дастырылды. Турнирге облыстың бес мекемесінің атынан 20 жазасын өтеуші қатысты.

Іс-шара “Бостандық үшін шахмат” бағдарламасы аясында өтті. Бағдар­ламаның мақсаты – әлем бойынша түзеу мекемелерінде білім беру және әлеуметтік бейімдеу құралы ретінде шахматты енгізу. Жарыс олимпиа­далық жүйе бойынша танымал шахмат сайттарының бірінде өтті. Турнир қорытындысы бойынша №51 мекеме командасы жеңімпаз атанды, №66 мекеме командасы екінші орын­ды және №48 мекеме командасы үшінші орынды иеленді. Жүлдегер­лер грамоталармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp