«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Студенттердің үздік жобалары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқу-ағарту министрлігіне қарас­ты “Талап” акционерлік қоғамы ұйымдастырған “WorldSkills Kazak­hstan 2023” VIII республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күн бойы өңірлік чемпионаттардың жеңімпаздары 30 құзырет және 7 бағыт бойынша үздік атану үшін бақ сынасты. Салтанатты марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Министр өз сөзінде барлық қа­тысушыларды техникалық және кә­сіптік білім беру саласындағы айту­лы шарамен құттықтап, ел эконо­ми­касын дамытудағы жұмысшы ма­ман­дардың рөліне ерекше тоқтал­ды.

Байқау жеңімпаздарын Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смир­нова марапаттады. “WorldSkills Kazakhstan 2023” чемпионатында барлығы 100 медаль: 38 алтын, 26 күміс және 36 қола ұтысқа салынды. 153 қатысушы үздік атанды.

Өңір студенттері бұл додада 2 алтын мен 1 күміс алқа иеленді. Ал 8 қа­тысушы “Үздік медальонға” ие бол­­ды. Жастар кірпіш қалау, құры­лыс және сылақ, сантехника және жылу жүйесі – барлығы 30 бағыт бойынша кәсіби машықтарын паш еткен.

“WorldSkills Kazakhstan 2023” VIII республикалық чемпионаты 2023 жылдың 23-25 ​​қарашасы ара­лы­ғында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 545 студент пен 510 са­рапшы қатысты. Графикалық ди­зайн, дәнекерлеу технологиясы, кон­дитер, шаштараз ісі, мейрам­хана сер­висі сынды бағыттарды тағдаған талапкерлердің жобала­рына қызы­ғу­шылар саны аз болма­ды. Жеңім­паздар 2024 жылдың 10-15 қыр­күйегі аралығында Франция­ның Лион қаласында өтетін “World­Skills” ха­лықаралық чемпионатына барады.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp