«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Отбасының ұйытқысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы облыс­тық ассамблеясы жанын­дағы Аналар кеңесінің құрыл­ғаны­на биыл – 9 жыл. Ұйымға 500-ден астам нәзік жан мү­шелік етеді. Олар “дөңгелек үстел” басына жиналып, биыл ат­қарған жұмыстарын қоры­тындылады, алдағы жыл­ға жоспар құрды.

– Біздің жұмысымыз жасөс­пірім­дермен, жас балалармен, ата-аналармен тығыз байланысты. Қиын жағдайға тап болған отбасы­ларға қол­дау көрсетуді міндетіміз ретінде санаймыз. Ерлі-зайыптылар ара­сындағы түсін­беушілік мәселелерін реттеуге, от­басы институтын нығай­туға күш са­лудамыз”, – дейді Ана­лар кеңесінің төрайымы Жұлдыз Сат­тарова.

Жиында қоғам жұмысына бел­сенді атсалысып жүрген бірқатар ана Алғыс хатқа ие болды. Солар­дың бірі – Дәния Кенжаева. Ол 7 баланың анасы. Тұңғышы 24 жаста болса, кенжесі 7-де. Көпбалалы ана бала тәрбиесіне де көңіл бөліп, кеңес жұмысына да үлгеріп жүр. “Мен бұл шарада аналардың отба­сындағы рөлі тақырыбында сөз қоз­ғадым”, – дейді ол.

Жиында бала тәрбиесі, ата-ана тәртібі, отбасындағы қарым-қа­ты­нас туралы айтылды. Отырысқа қа­тысқан аналар кеңеске қарасты 56 ұйымның жұмысын саралап, олар­дың еңбегіне оң баға берді.

Мәдина ҚАБИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp