Облыс полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Он күн бойы облыс аумағындағы қоғамдық орындарда адамдардың қауіпсіздігін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар кешені өткізілді.
Атап айтқанда, тәртіп сақшылары орталық көтерме сауда базарындағы бутиктердің бірінен акцизсіз темекінің 34 560 қорабын тәркіледі. Алдын ала бағалау бойынша тауардың жалпы құны 25 миллион теңгеге жуық. Заңсыз тауар иесі – Петропавл қаласының 45 жасар тұрғынына қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.