«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аманғали – әлем чемпионы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әзірбайжанның Баку қаласында әскерилер арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Ел намысын қорғаған солтүстікқазақстандық Аманғали Бекболатов алтыннан алқа тағынды.

Әлем біріншілігінде жерлесіміз грек-рик күресінен 55 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсті. Финалда ирандық балуанмен белдесіп, ұпай санымен жеңіске жетті. Күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем чемпионатының алтынын  осы күнге дейін екі балуанымыз ғана еншіледі. 2013 жылы грек-рим күресінен 60 килограмм салмақта Бағлан Жақанша, 2014 жылы еркін күрес балуаны 74 килограмм салмақта Ғалымжан Өсербаев алтын медаль олжалаған болатын.

 Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp