«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫҢ ЖОБАНЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Австриялық компания өңірде ин­вестициялық жобаны жүзеге асы­руға ниетті. Облыс әкімі Ғауез Нұр­мұхамбетов “Kronospan Holding East” компаниясының өкілі, инвести­­циялық жобаның Орталық Азияда­ғы басшысы Томаш Янчакпен кездесті. Шетелдіктер өңірде жоңқалы тақталар шығару жобасын жүзеге асырмақ. Себебі австриялық ком­пания осы салаға бағдарланған. Әрі әлемге белгілі сапалы ағаш өнімдерін шығарумен танымал.

– Экономиканы дамытудың ма­ңызды бағыты – ағаш өңдеу өнеркәсібі. Бүгінде біздің облыста жарты миллион гектардан астам жерді ор­ман алып жатыр. Біз жо­ғары техно­логиялық жобаларды ен­гізе отырып, ағаш өңдеу саласын, ағаштан жасалған бұйымдар өнді­рісін дамытамыз. Ламинатталған фанера өндірісі іске қосылды, жоға­ры сапалы өнім Қазақстан нары­ғында сұранысқа ие. Германия, Польша, Латвия, Эстония, Литва және Азия елдеріне экспортта­лады, – деген облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің құрылыс са­ласында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, сондықтан материалдарға сұраныс зор екенін атап өтті.

“Kronospan Holding East” компаниясының өкілдері әлемде табысты жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Аталмыш компания бұған дейін де елімізде ынтымақтастық негізде жұмыс істеген. Енді олар ке­лесі жылы құрылыс бастау үшін дайын инфрақұрылымы бар учаске іздестіруде.

– Қандай технологияны таңдау керектігін білеміз. Тек үкіметпен бірлесе отырып, инвестициялық жобаны жүзеге асыратын орын және жақсы серіктес табу керек. Жоба құны 50 миллион АҚШ долларынан асады, – деді “Krono­span Holding East” өкілі Томаш Янчак.

Компания өкілдері жобаны жүзеге асыру үшін логистика, шикізат, инфрақұрылым жайын сұрады.

– Біздің қалада электр энергиясы бойынша проблема жоқ. Бүгінде “Сэвказэнерго” АҚ-ның №2 жылу-электро орталығы электр энергия­сын өндіреді. Оның қуаты 500 мегаваттқа дейін жетеді. Біз тек 60 пайызын қолданамыз. Жылуға келетін болсақ, қазандық қондырғыларының қуа­ты 714 гигакалорияға дейін жетеді. Облыс орталығы кеңейіп жат­қанымен, біз сағатына 500 гига­калорияны ғана тұтынамыз. Яғни 200 гигакалорияға жуық резерв бар, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімі компанияға өнді­рісті іске қосу үшін барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті. Оның үстіне ағаш өңдеу саласын да­мыту бағытында тәжірибе бар. Бұған дейін өңірде ламинатталған фанера өндірісі ашылғаны белгілі. Қазір ағашты терең өңдеу зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Онда инвесторлар ДСП және ЛДСП өнімдерін шығаратын болады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp