«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағылымды кездесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы №2 арнайы мектеп-интернатта күміс кө­мей әншілермен, еліміздің намысын қорғап жүрген спортшылармен, танымал кәсіпкерлермен және қоғам қайраткерлерімен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілген осындай жылы жүздесуге белгілі қоғам қайраткері, “Mağjan” журналы­ның бас редакторы Жарасбай Сүлейменов пен облыстық “Молодеж­ная – Жастар” газетінің бас редакторы Ақ-Ләйлек Жаукина шақырылды.

Іс-шара барысында білім ордасы­ның директоры Ризабек Какпенов бас­пасөз әрқашанда қоғамдық пікір мен өзекті де маңызды ақпараттың көзі болып табылатынын ерекше атап өтті. Технология дамыған заманда өз қа­лыбын сақтаған газет-журналдарға әрқашан сұраныс жоғары.

Шынында да, газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы. Тіл ұстартып, адамға тәрбие беруші құрал. Осы ретте құрметті қонақтар жас жур­на­лист еңбек жолын газет-журналдарда бастағаны жөн деген ойларын айтты. Мәселен, Қытайда мектеп оқу­шы­ларының жазуы әсем болуы үшін сиялы қаламмен жазуға үгіттеген. Себебі қалам мен сиялы қаламның айыр­масы бар. Біреуі – дайын өнім, екіншісі ең­бек. Ал сияға малып, мәнерлеп жазу – тәрбие. Осы тұрғыдан келгенде газеттің бәсі басым екені анық.

Кездесу соңында мектеп ұжымы Жарасбай Сүлейменов пен Ақ-Ләйлек Жаукинаға тұшымды әңгіме айт­қандары үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ қонақтарға мектеп оқушылары дайындаған Алғыс хаттар мен кәдесыйлар табыс етілді.

Анар НҰРҒОЖИНА,

№2 арнайы мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Лариса КОВТУН,

№2 арнайы мектеп-интернаттың тарих пәнінің мұғалімі, дефектолог.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp