«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 9, 2023

ӘКЕ ТУРАЛЫ СӨЗ

“Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала – жаға­сындағы құрақ”, – деп бекер айтпаған ғой. Адам қанша жасқа кел­се де әкеге деген махаббат пен сағыныш көмескі­ленбейді екен. Марқұм әкем – Көкен Қопышев 1921 жылдың күзінде қазіргі Жамбыл ауданындағы Ескене деген ауылда қарапайым ша­руа отбасында дүниеге келген. Сәби кезінде әкесінен айыры­лып, анасы мен жалғыз …

ӘКЕ ТУРАЛЫ СӨЗ Read More »

Фарида, Фаридажан, Фарида қыз!

Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев көзі тірісінде халқымыздың аяулы қызы Фаризаны жырға қосса, бүгінгі күні Қызылжар жұртшылығы Фаридасын дәл солай жоқтауда. Иә, ол мына өмірден мәңгілік мекеніне аттанған күні табиғат та бізбен бірге жылады, ақ аспан төрінен шелектеп жаңбыр жауғаны сөзімнің дәлелі емес пе?! Қара жердің қойнына тапсырған сәтте де күннің қабағы бір ашылмады. Фарида …

Фарида, Фаридажан, Фарида қыз! Read More »

АҚҚУҒА АСПАНДАҒЫ ӘНІН ҚОСҚАН Ақан сері ауылының болашағы бұлыңғыр

Биыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы “заманының сұңқары, қызыл тілдің ділмары, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі” деп бағасын берген даңқты ақын, сырлы сазгер Ақан сері Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 180 жыл толды. Серінің дүниеге келгеніне екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел оның басынан өткен оқи­ғаларды, әндерінің тарихын ертегі­дей қылып айтады. Сірә, ақын тұлға­сы көзі тірісінде-ақ түрлі …

АҚҚУҒА АСПАНДАҒЫ ӘНІН ҚОСҚАН Ақан сері ауылының болашағы бұлыңғыр Read More »

АСҚЫНҒАН АСҚАЗАН ОБЫРЫ

Өңірде асқазан обыры жиі кез­десетін онкологиялық аурулардың қатарында. Қазіргі уақытта 332 сырқат диспансерлік есепке алын­ған. Оның 79-ы биыл ауырып, қа­зіргі уақытта ем алып жатыр. Об­лыстық көпбейінді аурухана жанын­дағы онкологиялық орталықтың хирург дәрігері Азамат Белбеевтің айтуынша, қатерлі ісік аурулары көпке дейін сыр бермейді. “Сырқат уақытында тексерілмеген жағдайда онкологиялық ауруларды тек соңғы сатыларында ғана анықтап жатамыз. Бірақ …

АСҚЫНҒАН АСҚАЗАН ОБЫРЫ Read More »

Тағылымды кездесу

Облыс орталығындағы №2 арнайы мектеп-интернатта күміс кө­мей әншілермен, еліміздің намысын қорғап жүрген спортшылармен, танымал кәсіпкерлермен және қоғам қайраткерлерімен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілген осындай жылы жүздесуге белгілі қоғам қайраткері, “Mağjan” журналы­ның бас редакторы Жарасбай Сүлейменов пен облыстық “Молодеж­ная – Жастар” газетінің бас редакторы Ақ-Ләйлек Жаукина шақырылды. Іс-шара барысында білім ордасы­ның директоры …

Тағылымды кездесу Read More »

Ауызсудан тапшылық жоқ

2023 жылғы даму қорытындыларына арналған брифингтердің бірі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға арналды. Баспасөз мәслихатында баяндама жасаған аудан әкімі Руслан Аңбаев биылғы жылдың 10 айында бюджет кірісі 3 млрд. теңгені құрағанын жеткізді. Орташа жалақы 15,7 пайызға өсіп, 238 мың теңгеге жеткен. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы орташа айлық  – 198 мың теңге. Биыл ауданда 897 жаңа жұмыс …

Ауызсудан тапшылық жоқ Read More »

Көшелері жап-жарық

Облыс орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасов жыл қорытындылары жайлы баяндама жасады. Аудан әкімі БАҚ өкілдеріне соңғы жылдары бюджеттік түсімдердің айтарлықтай өскенін жеткізді. Мәселен, биыл жерілікті қазынаға 2,4 млрд. теңге қаржы түскен. Әр гектарға шаққандағы салық түсімі де артып, 13 мың теңгеге жеткен. Жалақы мөлшерінде де айтарлықтай өсім бар. Бүгінде аудан тұрғындарының …

Көшелері жап-жарық Read More »