Жамбыл ауданының полиция бөліміне Баян ауылында болған мал ұрлығы фактісі туралы арыз келіп түскен. Түнде белгісіз қылмыскер қораға кіріп, төрт қойды ұрлап кеткен. Бораннан кейін полицейлер оқиға орнынан шананың ізін анықтаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Архангелка ауылының 35 жастағы тұрғынының қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін екенін анықтаған. Ұрланған қойлар орманнан табылып, сол жерде үй маңындағы ізі қалған шана да болған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қолданыстағы заңнама талабына сәйкес, күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қойлар иесіне қайтарылды.
Әсет ҚАНАФИН.