Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы Ресей Федерациясының шекаралас облыстарындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері туралы хабарлады.
Қорған облысының іздеуде жүрген үш қылмыскерінің біздің өңірде жүргені анықталды. Олардың бірі өз елінде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. 47 жастағы Ресей азаматы еліне экстрадицияланды.
2023 жылдың наурыз айында «Іздестіру» мемлекетаралық іс-шарасы аясында криминалдық полиция қызметкерлері Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын азаматты ұстады. Ол 2019 жылдың қараша айында туған ұлына ауыр дене жарақатын салған. Қылмыс жасалғаннан кейін ол Қазақстанға кетіп, ресейлік полицейлерден жасырынған. Оның орналасқан жері анықталғаннан кейін қажетті материалдар жиналып, іздеу жариялаған органға жіберілді.
Юрий КЛЫКОВ, облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.